Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46

Зағип және нашар көретін пайдаланушыларға арналған оқу курстары
Тифлоорталықта көруі бойынша мүгедектігі бар жандарды техникалық оңалту, ақпараттық қажеттіліктерін өтеп, компьютерлік сауаттылықтарын арттыруда оқу курстары ұйымдастырылған:
- «Компьютерлік сауаттылық негіздері» оқу курсы
Жабдықталған аппараттық және бағдарламалық құралдар негізделген «Компьютерлік сауаттылық негіздері» оқу курсы ноутбук немесе жеке компьютерде ақпарат енгізу, шығарудың баламалы әдістері саласындағы компьютерлік технологияларды ұсыну мүмкіндігімен таныстырады.
- «Интернет желісіндегі жұмыс негіздері» оқу курсы
«Интернет желісіндегі жұмыс негіздері» оқу курсы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік желілер мен пошта клиенттері, дыбысты чаттар мен интернет-телефониядағы қарым-қатынасқа баулып, пайдаланушылардың Интернет ресурстарға қолжеткізу дағдыларын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
- «Тактильді таяқшамен кеңістікте бағдарлану» оқу курсы
«Тактильді таяқшамен кеңістікте бағдарлану» оқу курсы зағиптардың ашық кеңістікке өздігінше шығуда ішкі сенімсіздікті жоюға көмектесу, маршруттарды есте сақтау дағдысын, образды ойлау қабілеттерін қалыптастыра, ерік-жігерлерін шыңдауға ықпал етеді.
- «Android операциялық жүйесінің басқаруындағы сенсорлық құрылғылардың көрінбейтін қолжетімділігі» оқу курсы
«Android операциялық жүйесінің басқаруындағы сенсорлық құрылғылардың көрінбейтін қолжетімділігі» оқу курсы түстерді тану, коммуналдық төлемдер, Интернет дүкендерде сауда жасау т.б. зағиптарға қажет онлайн-жұмыс дағдыларын қалыптастыра, YouTube бейнехостинг, WhatsApp пен Viber мессенджерлер, әлеуметтік желілерді сенімді пайдалануларына әсер етеді.
Оқу курстарын тифлооқытушы-оңалтушы Высочинский Владимир Александрович өткізеді. Сабаққа қатысу үшін алдын-ала хабарласып, дербес тәртіпте жазылу керек.
Байланыс тел.: 53-69-63
Ұялы тел.: 87772986190


«Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуды үйрену» Брайль жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі қаріпті оқыту курсы
Брайль жүйесі көру қабілеті бұзылған жандарды оңалту, мәдени дамыту, білім беру және қоғамға бейімдеуде ерекше орын алады.
Көруі бойынша мүгедектігі бар ата-аналар, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мұғалімдер; көруі қабілеті бұзылған жандарға қолжетімді ортаны қамтамасыз ету саласының мамандары; дефектология, әлеуметтік және педагогикалық факультеттердің студенттері; әлеуметтік қызметкерлер, зағип және нашар көретіндер; кейіннен көру қабілетінен айрылғандар; айналасында көру қабілеті бұзылған туыстары, жақындары, достары мен әріптестері бар жандар үшін «Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуды үйрену»» Брайль жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі қаріпті оқыту курсы өткізіледі.
Оқыту курсы қазақ және орыс әліпбиін, грамматикалық және тыныс белгілерін, сандық қатарлар мен Брайль жүйесінің қосымша таңбаларын меңгеруге көмектеседі. Брайль қарпін білу көру қабілеті бұзылған жандарға ақпаратқа қолжетімдікке қол жеткізіп, сауаттылық, тәуелсіздік, ойлау қабілетін арттырып, организмнің барлық рецепторларын ынталандырады.
Сабақ жоспары көру қабілеті бұзылған әр пайдаланушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес қалыптасады.
Оқу курстарын тифлооқытушы-оңалтушы Высочинский Владимир Александрович өткізеді. Сабаққа қатысу үшін алдын-ала хабарласып, дербес тәртіпте жазылу керек.
Байланыс тел.: 53-69-63
Ұялы тел.: 87772986190