Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46


Бөлім туралы жалпы мәлімет

Бөлімнің басты міндеті қоғам, экономика, ғылым және мәдениет дамуының әртүрлі мәселелері бойынша танымдық, ақпараттық, тарихи, көркемдік маңызы бар әмбебап сипаттағы барлық басылым түрлерінің құжаттарымен арнайы кітапхананың кітап қорын жоспарлы, жедел, мақсатты қалыптастыру және модельдеу болып табылады.
Кітапхана оқырмандарды қызығушылығы бойынша ақпараттармен оларға ыңғайлы форматта толыққанды қамтамасыз етуге тырысады:
• Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпімен басылған әдебиет (РТШ);
• аудиокітаптар;
• бедерлі-графикалық құралдар;
• электрондық ресурстар;
• тактильді басылымдар;
• жазықбаспалы қаріпті кітаптар;
• мерзімді басылымдар.
Бөлім арнайы кітапхана қорындағы мемлекеттік, орыс және басқа да тілдердегі басылымдардың барлық аталған түрлеріне электрондық және карточкалық каталогтар құру және қамтамасыз етуге жағдай жасау арқылы анықтамалық-библиографиялық аппаратты пайдалану үшін кітапхана қорын каталогтандыру және жіктеу функциясын орындайды.
Бөлім штаты 4 қызметкерді құрайды.