Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46

Барлық санаттағы пайдаланушыларға, мүгедектігі бар жандарға ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен дамытуды, ақпаратқа қолжетімділік пен мәдени, адамгершілік құндылықтарды танымал етуді қамтамасыз ету мақсатында әдістемелік және кеңестік қызмет көрсете, кітапханалық ресурстар мен Интернет жүйесіне қолжетімдікті ұсынады.
Бөлім негізінде Тифлоақпараттық орталық жұмыс істейді.
Байланыс тел.: 8 (7212) 536963;
e-mail: specmetod@yandex.kz
Бөлім қызметінің негізгі бағыты:
• әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға: мүгедектігі бар ересектер мен балаларға, Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
• «ҚР АК ААЖ» автоматтандырылған кітапханалық бағдарлама негізінде анықтама-ізденіс аппаратын – кітапханалық процесті автоматтандыру жұмысын атқару;
• «Тифлология» толықмәтінді деректер базасын қалыптастыру;
• арнайы кітапхана пайдаланушылары үшін Интернет ресурстарын пайдалану;
• арнайы мектеп-интернаттары, мүгедектер қоғамдары және т.б. қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару;
• Қазақстандық және Ресейлік арнайы кітапханалармен, оңалту қызметтерімен өзара ынтымақтастық орнату;
• оқырман сұранысы бойынша Брайльдік әдебиеттің аз тиражды басылымын, баламалы форматтағы құжаттарды басып шығару және тарату;
• кітапхана филиалдары мен кітап беру пунктеріне мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсету ерекшелігі туралы кеңес беру;
• көпшілік іс-шараларға қатысу;
• әртүрлі тіршілік әрекеті шектеулі жандардың оңалту және әлеуметтік біріктіру мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды қалыптастыру;
• көруі бойынша мүгедектерді шығармашылық оңалтуға көмек көрсету: фестиваль және т.б. қатысу үшін құжаттарды жинау, рәсімдеу және шағын-жобаларды әзірлеу;
Бөлім ұсынатын қызмет:
• библиографиялық сұраныстарды орындау;
• берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу;
• деректіграфиялық деректерді іздеу;
• библиографиялық деректерді нақтылау;
• көпшілік, топтық, жеке ақпараттандыру;
• әртүрлі ақпараттық ресурстармен жұмыс;
• Интернет желісіндегі тегін немесе шартты тегін ресурстарға сілтеме беру;
• Виртуалды анықтама;
• Құжаттарды электронды жеткізу (ҚЭЖ);