Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46

Информация Тифлоинформационого центра:


Тифлология және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі негізінде көруі бойынша мүгедектігі бар жандарға қолдау көрсететін Тифлоақпараттық орталық жұмыс істейді. Тифлоақпараттық орталық компьютерлік технологияларды толыққанды пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық және бағдарламалық құрал-жабдықтар кешенімен және Интернет желісіне қосылған, Брайль дисплейімен, арнайы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен, JAWS экрандық сөйлеуге қолжетімдік бағдарламасымен (зағиптардың компьютерде өз беттерімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бейімділген бағдарлама), автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған.

Тифлоорталық қызметінің негізгі бағыты

• Көруі бойынша мүгедектігі бар жандарға даму, білім алу, еңбек нарығы талап ететін мамандықтарды игеруде баламалы мүмкіндіктер мен ақпарат көздерін ұсыну;
• Ақпараттық технологияларға, ассистивті және бейімделген, қосымша құралдар мен бағдарламаларға қолжетімділік;
• Компьютерлер мен гаджеттер көмегімен зағиптарға әлеуметтік желілерде байланысу үшін навигациялық құралдарды пайдалану мүмкіндігін туғызу, Брайль қарпіне ауыспаған және арнайы кітапханалардың кітап қорына енгізілмеген кітаптар мен мақалаларға қолжетімдікті қамтамасыз ету.

Ұсынылатын қызмет

• «Логос» Бірінші Интернационалды онлайн-кітапханасына қолжетімдік;
• Ашық Интернет дереккөздерінде ақпарат іздеу;
• Экранды қолжетімдік бағдарламалармен, Брайльдік диплеймен, оқу машинасымен жабдықталған автоматтандырылған арнайы жұмыс орнын ұсыну;
• Брайль қарпіндегі құжаттарды басып шығару (формат А 4 );
• Жазықбаспалы мәтінді Брайль қарпіне ауыстыру (формат А4);
• Зағип және нашар көретін пайдаланушыларға арналған оқыту курстары
• Брайль жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі қаріпті оқыту курсы

Кітапханада пайдалану үшін ұсынатын тифлотехникалық құралдар мен техникалық құрылғылар

•MP3 плеер;
•сандық диктофон;
•магнитола;
•тифлофлэшплеер;
•оқу машинасы;
•портативті сканер;
•Брайль дисплейі мен сөйлеу синтезаторымен жабдықталған дербес компьютер;
•Тифлотехникалық құралдар мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету;