Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46

Меңгеруші: Карибаев Талгат Болатович

Жұм. телефоны: +7 (7172) 918-343

Эл. пошта: diz@nrcv.kz

1. Жалпы шолу

Қазіргі кезде орын алып отырған табиғат пайдаланушылардың бақылауға бағынбауы бір жағынан, ветеринарлық-санитарлық ережелерді бұзуы екінші жағынан жұқпалы аурулар профилактикасына баса назар аударуды қажет етіп отыр.

Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы ауыл шаруашылық және жабайы жануарлардың, мамық түкті аңдар мен құстардың ауруларын бақылау, профилактикалық және диагностикалық шаралар жүргізу болып табылады. Осы мақсатта компьютерлік ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды пайдалану арқылы жұқпалы ауруларды бақылау (мониторинг), қоршаған орта жағдайын бақылау, ауыл шаруашылық және жабайы жануарлардың, мамық түкті аңдар мен құстардың ауруларын қадағалау жүргізіледі.

Осылайша, биологиялық қауіпсіздік секілді осындай көп қырлы мәселенің шешімін табу үшін биологиялық нысандарды физикалық қорғау, Қазақстан Республикасындағы аса қауіпті, экзотикалық және баяу таралатын жануарлар ауруларын болжау және мониторинг жүргізудің тиімді жүйесін құру талап етіледі. Бактериялық және вирустық жұқпалардың әлеуметтік қауіптілігі дереу және тез арада жан-жақты мониторинг жүргізу мен эпизоотикалық жағдайды толық талдауды қажет етеді, нақты жағдайда адамдарға жұғуының алдын алу үшін жедел шешімдер қабылдау қажет болады. Бұл эпизоотикалық мониторинг деректерінің тұтас кешенін жан-жақты қолданған жағдайда ғана мүмкін болады, мұнда ауру қоздырғышының түрлік тиістілігін дәл анықтаудың маңызы зор, себебі жұқпаның сипаттамасы әр түрлі ошақтарда ең алдымен микроағзалардың қасиеттеріне тәуелді болады. Сол себепті барлық ветеринарлық шаралар микроағзалар дақылдарының эпизоотикалық изоляттарын кешенді зерттеу барысында алынған эпизоотикалық мониторинг нәтижелеріне негізделуі керек.

Көшпелі жабайы жануарлар және жылы жаққа ұшатын құстар аса қауіпті экзотикалық және баяу таралатын жұқпаларды негізгі таратушылар болып табылады. Қазақстан аумағында осы жұқпа түрлерінің келуі мен таралуы ықтималдығы бар. Аталған аумақтағы шаруашылықтар үшін көптеген жұқпалы аурулар қауіп төндіреді, олардың ішінде, көпшілігі жабайы жануарлар мен жылы жаққа ұшатын құстардың нозологиялық бірліктеріне жатқызылған. ҚР жабайы жануарлар әлемін әр түрлі жұқпалардан қорғауға зертханалық диагностиканың заманауи әдістерін (ИФТ, ПТР) қолдану арқылы қол жеткізуге болады, олардың мақсаты ауру ошақтарын уақытылы анықтау және кешенді шаралар қолдану арқылы салдарын жою болып табылады.

2. Зертхана жұмысы

Жұқпалы аурулар диагностикасы зертханасының (бұдан әрі ЖАД зертханасы) қызметіне келесілер жатады:

ҚР әр түрлі аймақтарындағы ветеринарлық нысандардан жеткізілетін биологиялыфқ материалдарды референтті зертханалық зерттеуді жүзеге асыру

Жабайы жануарлар мен құстардың биологиялық материалдарына мониторингтік зерттеулер жүргізу

Ауыл шаруашылығы мен жабайы жануарлар әлемін ветеринарлық қадағалау нысандарында жұқпалы аурулар бойынша эпизоотикалық жағдайды талдау

Ветеринарлық бақылау орындарына биологиялық материал алу үшін мамандардың баруын қамтамасыз ету

Облыстық және аудандық деңгейдегі ветеринар мамандарға кеңес беру көмегін жүзеге асыру.

Астана қ. мекемедегі ЖАД зертханасында 5 бөлім жұмыс жасайды:

- Сынама қабылдау бөлімі;

- Эпизоотикалық мониторинг бөлімі;

- Серология бөлімі;

- Бактриология бөлімі;

- Молекулалық биология бөлімі.

3. ЖАД зертханасында қолданылатын әдістер

ЖАД зертханасында заманауи және классикалық зерттеу әдістері келесі бағыттар бойынша қолданылады:

-    Бактериологиялық әдістер: микроскопия, дақылдарды қоректік ортаға шығару, зертханалық жануарлар дақылдарын өсіру, биохимиялық қатарды зерттеу және т.б.

-    Серологиялық әдістер: КБР (комплементті байланыс реакциясы), РБС (розбенгал сынама), ДПР (диффузиялық преципитация реакциясы), ПИДТ (преципитирлеуші иммуно-диффузды талдау), ФИДТ (флуоресцирлеуші иммуно-диффузды талдау) және секілді классикалық әдістер т.б. антидене немесе антиигенді анықтауға ИФТ (иммунофлуоресцентті талдау), ФПТ (флуоресцентті-поляризациялық талдау), ИХТ (иммуно-хроматографиялық талдау) және т.б. секілді заманауи әдістер.

-    Молекулалық-биологиялық: нақты уақыттағы ПТР (полимеразды-тізбекті реакция) в реальном времени, нәтижелерді электрофорестік есептеу арқылы ПТР, бактерияларды генотиптеу.