Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46

Меңгеруші: Джайлбекова Айгуль Серикпаевна

Жұм. телефоны: +7 (7172) 918-337(внутр. 124)

Эл. пошта: foodsafety.af@nrcv.kz

1. Жалпы шолу

Азық-түлік шикізатының және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың денсаулығын анықтау мен оның генофондын сақтауды қамтамасыз ететін қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Азық-түлік қауіпсіздігі шикізат пен өнімдердің химиялық құрамына тікелей тәуелді болады. Сақтау және өңдеу барысында тағамдық шикізатта химиялық және микробиологиялық үдерістер нәтижесінде қауіпті қосылыстар пайда болуы ықтимал.

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі ең бірінше кезекте санитарлық-гигиеналық бақылау нысаны болып табылады. Санитарлық нормалар мен ережелер тағам өнімдерінің қауіпсіздігін, қазір және келешекте адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіптің болмауын сипаттайды, олар тағам өнімдерінің санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына, гигиеналық нормативтерге сәйкестігімен анықталады.

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін кең мағынада жалпы мөлшерде тұтынған жағдайда адам ағзасына уытты, канцерогенді, тератогенді, мутагенді немесе басқа да қолайсыз әсерінің болмауы ретінде түсіндіруге болады. Қауіпсіздікке аталмыш өнімге тән денсаулыққа қауіп төндірмейтін табиғи уытты заттар, химиялық немесе биологиялық ластаушылар деңгейінің реттелген мөлшерін сақтау арқылы кепілдік беріледі (яғни, шекті мөлшердің болмауы немесе шектелуі).

Қазіргі кезде тағам өнімдерінің әр алуандығы үздіксіз артып келеді, тамақтану сипаты да өзгеріске ұшыраған. Тағам өнімдерін өндіру, сақтау және бөлу барысында жаңа технологиялық үдерістер енгізіледі, әр алуан химиялық қосылыстар пайдаланылады және т.б. Уытты заттардың тағам өнімдеріне түсуі тұрғысынан қауіпті қоршаған ортаның өнеркәсіптік қалдықтармен ластануы және ауыл шаруашылығында химиялық заттарды пайдаланудың артуы төндіріп отыр.

Тағам өнеркәсібінде бірқатар тағамдық қоспалар, микроэлементтер, пестицидтер мен ветеринарлық құралдар арнайы қолданылады, алайда ең алдымен осы түрлердің қауіпсіз пайдаланылатынына көз жеткізу керек.

Дамыған елдердегі пайдаланылатын тағам өнімдері туралы, олардың құрамындағы контаминаттар туралы деректерді жинақтап,  олардың қаупін анықтау, оларды басқару және әзірлемелерді халықаралық және ұлттық стандарттарға қосу керек.

2. Зертхана жұмысы

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына, Қазақстан Республикасының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңына сәйкес «Тағам өнімдерін талдау» зертханасының негізгі қызметі тағам өнімдері мен жануартекті шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тиімді мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру және ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынушылардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау болып табылады.

«Тағам өнімдерін талдау» зертханасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мониторинг жоспарын орындайды.

«Тағам өнімдерін талдау» зертханасы қойылған міндеттерді орындау мақсатында келесі зерттеулерді жүргізеді:

Микробиологиялық зерттеулер;

Уытты элементтердің шекті рұқсат етілген мөлшерін (ауыр металл тұздары) анықтау;

Диоксиндер мен диоксинге ұқсас заттар (ПХБ) шекті рұқсат етілген мөлшерін анықтау;

Радиологиялық зерттеулер;

Ластаушы заттардың қалдық мөлшерін анықтау (антибиотиктер, гормондер және нитрофурандар);

Паразитологиялық зерттеулер.