Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46

Меңгеруші м.а.: Щербаков Андрей Викторович

Жұм. телефоны: +7 (7172) 918-337(внутр.120)

Эл. пошта: strains@nrcv.kz

«Микроағзалардың депозиттелген штаммаларының ұлттық жиынтығы» зертханасының негізгі қызметінің түрі ветеринария саласында ғылыми және тәжірибелік құндылығы бар аса қауіпті микроағзаларды депозиттеу, ұзақ уақыттық сақтау және тіршілік қабілетін қамтамасыз ету болып табылады.

«Микроағзалардың депозиттелген штаммаларының ұлттық жиынтығы» зертханасы Қазақстан Республикасының стратегиялық нысандарының тізіміне қосылған және ҚР ІІМ «Астана қ. мамандандырылған қорғау қызметі басқармасы» ММ жедел әрекет ету тобы қорғайды.

«Микроағзалардың депозиттелген штаммаларының ұлттық жиынтығы» зертханасының міндеттері мен қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысымен анықталған, оның негізгі қызметтері:

1) микроағзалардың депозиттелген штаммаларын – ҚР әр түрлі облыстарынан және шет мемлекеттерден оқшауланған аса қауіпті микроағзалар қоздырғыштарын,  стандарттауға арналған сынама-штаммаларды, иммунобиологиялық препараттарды және қоректік ортаны қатаң есепке алу мен дұрыс сақтауды қамтамасыз ету;

2) ауыл шаруашылық жануарлардың бактериялық және II-IV патогенділік тобындағы вирустық этиологиясының аса қауіпті ауру қоздырғыштарының авторлық және патентке қабілетті типтік штаммаларын ресми ұлттық және халықаралық орган деңгейінде депозиттеу;

3) референттік, өндірістік және авторлық штаммаларының жиынтық үлгілдерін заманауи ғылыми-техникалық деңгейде жұмыстарды орындау арқылы регламенттелген нұсқау құжаттарының талаптарына сәйкес кепілді сақтау мен биологиялық белсенді қалыпта ұстау кепілдігін қамтамасыз ету;

4) аталған микроағзалар мен аса қауіпті жұқпа қоздырғыштарының деректерінің бірыңғай ақпараттық базасын құру;

5) ғылыми зерттеулер жүргізу және арнайы сұраныс бойынша биопрепараттар дайындау үшін республиканың биокәсіпорындары мен ғылыми мекемелеріне типтік қасиеттері тән микроағзалардың өндірістік штаммалары үлгілерін беру;

6) республикалық, халықаралық жобаларға қатысу, шет мемлекеттердің жинақтарымен байланыс орнату, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпараттармен және микроағзалар дақылдарымен алмасу;

7) ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне өз қызметінің нәтижелері бойынша жыл сайын есеп беру;

8) стандартты операциялық үдерістер (СОҮ) әдістемелік нұсқаулар, сынақ бағдарламалары мен сынақ жүргізу бойынша технологиялық құжаттар дайындау;

9) зерттеу жүргізудің депозитормен келісілген тәртібі мен мерзімін сақтау, зерттеу жүргізу құпиялылығын қамтамсыз ету;

10) қолданыстағы нормативті құжаттар талаптарына сәйкес мемлекеттік құпияны сақтауды қамтамасыз ету;

11) өндірістік ғимараттарды (бокстар) санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік техникасы талаптарына және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес ұстауды қамтамасыз ету;

12) зерттеу жүргізу барысында құпиялылықты сақтау.