Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46




29 Фев 2024 16:37

«Кітапхана және еріктілер: көруі бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалтудың жаңа тәсілдері»

IMG_20240228_130445.jpg IMG_20240228_105356.jpg IMG_20240228_110948.jpg IMG_20240228_113006.jpg IMG_20240228_112705.jpg IMG_20240228_115030.jpg IMG_20240228_120800.jpg IMG_20240228_120538.jpg IMG_20240228_122538.jpg IMG_20240228_125735.jpg

28 ақпан күні кітапхана мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ ұйымдастыруымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ педагогика факультетінде «Кітапхана және еріктілер: көруі бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалтудың жаңа тәсілдері» атты семинар-тренинг өтті.

Озық технологиялар мен ерекше оқу қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ оқу кітапханасына жасалған экскурсиямен басталған іс-шараны Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, модератор С.Ж.Алшинбаева жүргізді.

Семинарда Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы жастар ісі жөніндегі инспектор Ж.Санақбай, «Зерек» би-спорттық лигасы» ҚБ жетекшісі Ш.Мусин, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ «Мейірім» волонтерлық орталығының еріктілері З.Барлыбаева мен А.Синкевич баяндамалар ұсынып, тифлопедагог-оңалтушы В.Высочинский заманауи тифлотехникалық құралдарға шолу жасап, студенттермен «Зағиптарға ситуациялық көмек көрсету» тренингін өткізді.

Басқосуға арнайы кітапхана пайдаланушылары, педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттері, «Ken’jol қоғамының инновациялық даму Альянсы» ҮЕҰ балалар және жастар, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі уәкілі Д.Ержанова, жалпы 300-ге жуық адам атсалыса қатысты. Семинар-тренинг спорт залда №1,2 облыстық арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары мен студенттер арасында ұйымдастырылған голбол және бочча спорттық ойынымен аяқталды. Семинарға атсалысқан барлық қатысушыларға ризашылық білдіреміз!


Возврат к списку