«Зағип адамдардың арнайы тифлотехникалық жабдықтарын пайдаланудың артықшылықтары мен ерекшеліктері»
25 сәуір күні кітапханада «Зағип адамдардың арнайы тифлотехникалық жабдықтарын пайдаланудың артықшылықтары мен ерекшеліктері» атты республикалық онлайн-семинар өтті. Көруі бойынша мүгедектігі бар жандарды оңалту, бейімдеуге бағытталған семинарға ҚР арнайы кітапханалары атсалыса қатысып, ақпараттық тифлотехнологиялар тақырыбын қарастырып, талқылады. Іс-шарада ӘБЕО орталығының (Алматы қ.) @satr.kz инженері Е.Е.Мухаметкалиев, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының (Алматы қ.) @znkaark кітапханашы-редакторы Б.Сыздыков, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бөлімінің басшысы Илюшина Н.Ю., Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының @qaragandy_jumyspen_qamtu өкілі Л.Батталова, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының @shym.arnaiy.kitaphana тифлопедагогы Ғ.Ж.Ахатаев және кітапханамыздың тифлоорталық қызметкерлері В.А.Высочинский., А.А.Ковалева мамандары баяндамалар ұсынып, пайдаланушыларға кеңестік көмек берді.