Сіздерді қазақтың көрнекті ақыны, ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылатын «Қазақ жырының қыраны» атты Брайль қарпімен оқу және жазу бойынша облыстық байқауға қатысуға шақырамыз!
Байқауға 18 жастан асқан, Брайль жүйесін меңгерген азаматтар қатыса алады.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
Брайль қарпімен жазу – Қасым Аманжоловтың шығармасы бойынша жеке диктант жазу.
Брайль қарпімен оқу – ақынның шығармаларын мәнерлеп оқу.
Қатысушылар байқаудың бір кезеңіне немесе екі кезеңіне де қатыса алады.
Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 21 қыркүйек пен 9 қазан аралығы.
Байқау өтетін күн: 2026 жылғы 13 қазан.
Жеңімпаздарды марапаттау: 2026 жылғы 16 қазан.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Қарағанды облыстық арнайы кітапханасы
Мекенжайы: Коммуна көшесі, 1
Телефоны: 8 (7212) 53-69-63
Баршаңызды байқауға қатысуға шақырамыз!

