«Тактильді таяқшамен кеңістікте бағдарлану» оқу курсы көру қабілеті бұзылған жандардың өздігімен қозғалу мүмкіндігін шешуге бағытталған. Оқу барысында пайдаланушылар өздеріне қажетті маршруттарды жаттап, сабақтан соң өздігімен қозғалуды жалғастыруға мүмкіндік беретін әмбебап дағдыларды меңгереді және сабақтар ашық кеңістікке өздігімен шығу алдындағы ішкі сенімсіздікті жоюға көмектеседі.
Оқу курстарын тифлооқытушы-оңалтушы Высочинский Владимир Александрович өткізеді.
Сабаққа қатысу үшін алдын-ала хабарласып, дербес тәртіпте жазылу керек және сабақтар әр пайдаланушының жеке қажеттілігін ескере қалыптастырылады.
Қатысушылардың жас ерекшелігі: 18 жастан асқандар.
Байланыс тел.: 53-69-63
Ұялы тел.: 87772986190


