Құрметті кітапхана пайдаланушылары!
Баршаңызды 5 мамыр күні сағат 11:00-де Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жеңіс дауысы» атты live-поэзия форматындағы әсерлі әдеби кешке шақырамыз.
Бұл күні Ұлы Отан соғысындағы ерен ерлік пен Жеңіс тақырыбындағы жүрекке жететін өлең жолдары оқылып, әскери жылдардағы музыкалық шығармалар орындалады. Сонымен қатар, ақын Голобородько Вера Александровнаның шығармашылық кеші өтеді.
Батырларды еске алып, олардың ерлігін құрметтеп, тарихымызды бірге сақтайық.
Іс-шараның ұзақтығы — шамамен 1 сағат.
Сіздерді осы күнді бірге өткізуге шақырамыз!

