14 сәуір күні сағат 11.00-де кітапхана Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлерімен «Көруі бойынша мүгедектігі бар адамдармен өзара қарым-қатынас этикасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді. Іс-шарада арнайы кітапханалық қызмет, өзара қарым-қатынас және ситуациялық көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылып, тифлотехникалық құрал-жабдықтар мен макеттерге шолу жасалады.

