Сіздерді 03 сәуір күні сағ 11: 00-де «Қарлығаштар оралар ма?» кітабының авторы, отставкадағы полиция полковнигі Каренов Қанат Саттарұлымен өтетін кездесу кешіне шақырамыз. Кездесу барысында автор ержүрек арулар, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қарағандылық танкіші қазақтың қыздары Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Күлжәмилә Талқанбаева, Жәмилә Бейсенбаеваға жайлы танымды ақпарат береді.
Іс-шараның ұзақтығы шамамен бір сағат.

