Сіздерді 12 наурыз күні сағ 11: 00-де арнайы кітапхана «Көрісу күні – Амал мерекесі» онкүндігін мерекелеу аясында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік кешіне шақырады. Көрісу күні — қыстан аман-есен шыққан адамдардың бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып, амандық-саулық сұрасатын, реніштерді ұмытып, жаңаруды білдіретін дәстүрлі мейрам. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының бастауы саналатын мерекемізді бірге қарсы алып, бір-бірімізге тілек білдірейік.

