Құрметті оқырмандар мен достар!
Сіздерді «Шабыт» клубы арнайы кітапханаға 26 қараша күні сағат 11:00-де тифлотүсініктемелі «Финч» фильмін тамашалауға шақырады. Фильм сюжеті постапокалиптикалық әлемде өрбиді. Бұл фильмде апаттан кейінгі әлемде тек бір адам – инженер әрі өнертапқыш Финч тірі қалады. Ол өзінің адал итін күту үшін робот Джеффті жасайды. Олар бірге Американың қауіпті жерлерінен саяхатқа аттанады.
Фильм ұзақтығы – 2 сағат.

