Мүмкіндігі шектеулі дарынды жастарды қолдау мақсатында биыл «Өмірде шектеу жоқ» жобасы жүзеге асып, Қарағанды облысының дарынды жастарды қаржылық қолдау комиссиясының грантын жеңіп алды. Жоба шеңберінде «Тағдырыма тәнтімін» подкаст жүргізіліп, 14 жастан асқан мүгедектігі бар, оның ішінде көру қабілеті бұзылған оқырмандар өз өмірлері, жеткен жетістіктері туралы сұхбат беріп, жоба дарынды жастардың шығармашылығын қолдап, кедергісіз орта қалыптастырды. Жобамыздың алғашқы қонағы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығын бітірген Сағынай Сағыныш, Израиль елінен қонаққа келген Анастасия Александровна, Қарағанды әкімінің бизнесті қолдау бойынша грантының иегері, өңіріміздегі экологиялық таза өнімнен алынатын ұлттық тағамымыз — құрт өндірісінің негізін қалаушы, блогер Жазира Төлегенова және арнайы кітапхананың белсенді оқырманы Оксана Шаталина болды.
2025 жылы «Өмірде шектеу жоқ» — подкастының алғашқы қонағы — Екатерина Федотова -өзінің жеке өмірі, хоббиі және поэзия жазудағы шынайы сезімдерімен бөліссе, №1 арнайы мектеп-интернатының нұсқаушысы Екатерина Абишева — жеке өмірі, жұмыстағы кәсіби жетістіктері, «Қараңғы бөлме» жобасын жасаудағы инклюзивтіліктің жалпы тенденцияларын ашып айтты. Айгүл Дәуленова— әлемге деген көзқарасымен бөлісіп, сүйікті іс — әрекеттері — би мен теннис туралы айтып, өзіне шабыт беретін кітаптары туралы ой бөлісті. Жанат Үрімжанқызы-сүйікті ана, құрметті әже, күйші, TikTok желісінің белсендісі, өзінің жеке өмірі, хоббиі туралы айтып, өмірінің жарқын және шабыттандыратын сәттерін еске алса, Игіліков Нұрлан Рымбайұлы— өзінің жеке өмірі, спорттық хоббиі туралы айтып, қол массажын орындау әдістемесімен бөлісті. Сонымен қатар Шаталина Оксана, Достахин Хамит, Сағыныш Сағынай, Анастасия Александровна, Жандыгулова Жанар күнделікті өмірде қалай жұмыс істейтінін, сұлулықты қалай сезінетінін, қалай саяхаттайтынын, қандай қиындықтармен кездесетінін және оларды қалай жеңетінін айтты. Біздің кейіпкерлеріміздің әрбір оқиғасы ерекше


