Жобалық қызмет бойынша Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Бір ел — бір кітап — 2024» республикалық акциясы аясында көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев шығармаларын насихаттауда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе «Қолжетімді кино» жобасы жүзеге асырылып, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен кітапхана арасында өзара ынтымақтастық Меморандумы бекітілді. Меморандум шеңберінде киностудия қазақ тіліндегі «Менің атым Қожа» тифлотүсініктемелі фильмін дайындап, №1 арнайы мектеп-интернатында оқушылар мен көруі бойынша мүгедектігі бар оқырмандардың қатысуымен аталмыш тифлотүсініктемелі фильмнің көрсетілімі өтті.
2025 жылы «Сарыжайлау» кинотеатрында арнайы кітапхана мен «Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы» арасында бекітілген Меморандум аясында Қазақстанда алғаш рет «Боксер» тифлотүсініктемелі фильмінің көрсетілімі өтті.
№1, №2 арнайы мектеп-интернатынта «Үміт сәулесі» және «Бүркіт» тифлотүсініктемелі фильмінің көрсетілімі өтті.
2026 жылы кітапхананың тұрақты оқырмандары және №1, №2 арнайы мектеп-интернатының оқушылары үшін «Аул стратегического значения»,
«Граждане крыши», «Дерево Амен аға», «Набат»,«Поговори со мной, Маншук» тифлотүсініктемелі фильмдері көрсетіледі.


