
25 қыркүйек күні арнайы кітапхана оқырмандары үшін 27 қыркүйекте атап өтілетін Дүниежүзілік туризм күніне орай «Travel-кітапхана: Қазақстанды бірге танып-білейік» атты интерактивті саяхат өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар еліміздің тарихы, мәдениеті, табиғаты мен көрікті жерлерімен танысты. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның қалалары мен өңірлері туралы қызықты деректермен танысты, белгілі жазушылар мен әдеби шығармаларды еске түсірді. Іс-шара аясында Қазақстанның тарихы, мәдениеті, табиғаты мен әдеби мұрасына арналған «Қазақстан кітап беттерінде» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Саяхат қызықты әрі танымды өтіп, қатысушыларға жаңа білім алып, туған жеріміздің әсемдігі мен байлығын тағы бір қырынан тануға мүмкіндік берді!


