Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

2026 жылдың 21 қаңтарында «Әділ қоғам» жобасы аясында

«№33 мектеп-бөбекжай бақшасы» кешені» sch33.karaganda

және «№51 қосымша білім беру орталығы» krg_sch51 мектептерінің 5 және 7-сынып оқушылары үшін «Ұлы даланың ар-ұят кодексі» атты этно-кемпинг өткізілді. Бұл күні кітапхана жанды құндылықтар туралы диалог алаңына айналды. Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысып, жас ұрпаққа отбасындағы  бала тәрбиесі, дәстүрлер, қағидалар және заманауи талаптар туралы өз ойларымен бөлісті. Балалар кітаптар, талқылаулар, тарихи мұраларға сілтеме жасау арқылы Ұлы дала дәстүрі, сыйластық, әділеттілік, жауапкершілік туралы айтып, олардың қай уақытта да маңызды екенін және қазіргі өмірдегі орнын талқылады. Пікірталасқа «Ар» және «Намыс» атты екі топ белсенді қатысып, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Кездесу соңында балалар қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне, рухани мұрасына арналған «Қазақ даласының этикасы» атты тақырыптық кітап көрмесін тамашалап, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы кітаптың рөліне тоқталды.