
«Алмагүл» бөбекжайында «Балауса» клубымен бүлдіршіндердің сурет салу дағдысын, елестету қабілеттерін және өнерге баулу мақсатында «Үй жануарлары» атты сурет салу сағаты өткізілді. Кітапханашы бүлдіршіндерге әр жануар туралы қысқаша мәлімет беріп, жануарлардың суреттерін көрсетті. Балалар «Бұл жануар адамға қандай пайда әкеледі?» деген сұраққа жауап іздеп, түрлі танымдық ойындарға белсене қатысты. Бұл шара балалардың үй жануарларын жақсы көруіне және олар туралы танымын кеңейтуге зор септігін тигізді.


