Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

12 наурыз күні «Наурызнама» онкүндігін мерекелеу аясында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді. «Көрісу күні – Амал мерекесі» қыстан аман-есен шыққан адамдардың бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып, амандық-саулық сұрасатын, реніштерді ұмытып, жаңаруды білдіретін дәстүрлі мейрам. Кітапханашылар ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамының тарихымен таныстырды. Жаңару мен ұлттық дәстүрлер мерекесіне кітапхананың тұрақты оқырмандары О.В. Шаталина, К. Б. Абайдуллин және Е. В. Федотова мәнерлі өлеңдер оқып, әуелі әндер шырқады. Қатысушылар «Наурыз нақыштары» атты тактильді ойынға  белсене қатысып, бір-бірімен амандық-саулық сұрасып, жылы лебіздерін білдірді. Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.