
Қазақ зағиптар қоғамында ұлттық валюта — теңге күніне арналған «Қаржылық әліпби» атты қаржылық сауаттылық сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру, ұлттық валютаға құрметпен қарауға тәрбиелеу, Қазақстан тарихына деген қызығушылықты арттыру. Іс-шара барысында келесі тақырыптар қарастырылды: алғашқы банкноттар мен монеталардың тарихы; банкноттардағы Қазақстан рәміздері; қаржылық пирамидалар мен «оңай ақшаның» қауіптілігі; бюджет, қоржын, депозит, несие дегеніміз не? Іс-шараға қатысушылар «Эрудит» викторинасының сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді, әңгімеге белсене қатысты, сұрақтар қойды, өмірден алынған мысалдармен бөлісті. Іс-шара достық атмосферада өтті. Қатысушылар қаржылық сауаттылық бойынша жаңа білім мен дағдыларға ие болып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық валютаның маңыздылығын терең түсінді.


