Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

3 наурыз күні кітапханамызда жарыққа шыққан «Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасы», «Проект Новой Конституции Республики Казахстан» атты бедерлі-нүктелі қаріпті басылымдардың өзектілігін айқындау мақсатында көруі бойынша мүгедектігі бар оқырмандармен маңызды басқосу өтті.

Зағип пайдаланушыларға ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде ұйымдастырылған кездесуге Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Киясова Айжан Казимировна, Қазақстан жазушылар Одағының және Қарағанды облысының өңірлік коалиция мүшесі Қайырбек Салтанат Ерланқызы, «Жалын» мүгедектер қоғамы ҚБ төрағасы Егеубаев Асхат Хасенұлы атсалыса қатысып, көруі бойынша мүгедектігі бар оқырмандардың конституциялық құқықтарын кеңінен түсіндіріп, қатысушылармен өзара пікір алмасты.

Қоғамда инклюзивтілік қағидаттарын нығайту мен азаматтық белсенділікті арттыру мақсатындағы іс-шара мүгедектігі бар оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға зор үлес қосты.