Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

 

24 ақпан күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жыл кітабы ретінде таңдалған Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға көруі бойынша мүгедектігі бар озық оқырмандар қызығушылықпен қатысып, жазушының өмір жолы мен Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттық жолындағы күресі суреттелген тарихи романды талқылады.

Қатысушыларға «Жол торабы», «Тағдыр талқысы», «Уақыт керуені», «Дар ағашы» атты 4 бөлім мен эпилог төңірегінде қозғалған Шәуешек, Тарбағатай өңіріндегі қазақ халқының шекара бөлінісі кезіндегі ауыр тағдыры мен азаттық жолындағы күресі жайлы мағлұматтар берілді.

Оқырман қауымды еліміздің рухани мұрасын насихаттау мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған акцияға белсене қатысып, Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романын оқуға шақырамыз.