Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай арнайы кітапханада «Тартылыс нүктесі» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараны барысында қатысушылар Валентин Гаюидің өмірі мен зағип жандарға білім беру саласына қосқан үлесімен танысты. Шара барысында жүрекпен көретін жандарға арналған өлең-жырлар оқылып, қатысушылар ізгі тілектерін білдірді. Кездесу барысында кітапхананың тифлотехникалық құрал-жабдықтарының мүмкіндіктері таныстырылып, викториналық сұрақтар қойылды. Іс-шараның ерекше сәттінің бірі – Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған «Өмірде шектеу жоқ» республикалық эссе байқауы жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі болды. Зайра Карбекова II дәрежелі дипломмен және «Алиса» ақылды колонкасымен, «Үздік шығармашылық ізденіс» номинациясының жүлдегері Сағынай Сағынышқа блендер мен Алғыс хатпен, ал тифлопедагог-реабилитолог Владимир Александрович Высочинский байқауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Барша марапат иелерін құттықтай отырып, зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларына амандық және өмірлеріне жарқын сәттер тілейміз!