
10 қыркүйекте «KitapTime-2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің қызметкерлеріне кітапханамыздағы облыстағы жалғыз Тифлоорталыққа танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында тифлопедагог-оңалтушы Владимир Высочинский қатысушыларды Тифлоорталықтың мүмкіндіктері, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған заманауи ақпараттық технологиялар, Брайль қарпінде оқу-жазу, компьютерлік сауаттылық, Интернет пен гаджеттерді пайдалану бойынша оқу курстарымен таныстырды.
Тифлобиблиограф Светлана Кубанова арнайы форматтағы басылымдар, ақпараттық-библиографиялық қызмет түрлері туралы ақпарат берді.
Экскурсия қатысушыларға арнайы кітапханадағы Тифлоорталықтың қызметін жақынырақ танып, заманауи технологиялардың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.


