Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

2 қыркүйек күні  кітапханада балалармен «Сыпайы сөз мектебі» атты кездесу өтті. Интерактивті тренинг барысында Қалай сөйлессең, сені тыңдайды?, Неліктен тыңдай білу маңызды?, Қарым-қатынасты мейірімді әрі жағымды етуге қандай сөздер көмектеседі?  деген сұрақтарға балалар бірге жауап іздеді. Олар сиқырлы сөздерді еске түсіріп, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларды талқылады, ойын тапсырмаларын орындап, бір-бірімен сыпайы, құрметпен және мұқият қарым-қатынас жасауды үйренді. Өйткені сөйлеу мәдениеті — сөздерді дұрыс айту ғана емес. Бұл — өзгені тыңдай білу, айналаңдағы адамдарға көңіл бөлу, әңгімелесушіні құрметтеу және өз сөздерің арқылы айналаңа ізгілік пен жылылық сыйлай білу. Кездесу «Сөйлеу мәдениеті – тұлға мәдениеті» атты кітап көрмесіне шолумен аяқталды. Шолу барасында қазақ тілінің дамуы мен сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына зор үлесқосқан көрнекті ағартушы әрі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына ерекше назар аударылды.