
25 қарашада Астана қаласындағы Ресей үйінде «Время добрых дел» халықаралық форумы аясында өткен «Создание доступной среды и формирование условий для социализации и интеграции людей с инвалидностью по зрению. Организация тифлокомментирования» семинар-тренингке тифложүйетехник Ковалева Анна Анатольевна аудиодескриптор ретінде қатысты.
Іс-шараға Ресейден арнайы шақырылған сарапшы, «Особый взгляд» федералдық бағдарламасының менеджері, «Доступный кинотеатр» бүкілресейлік жобасының ұйымдастырушысы, «Искусство, наука и спорт» қайырымдылық қорының команда мүшесі Валерия Викторовна Сатлер, сондай-ақ жобаны ұйымдастырушылар – Россотрудничество, Астанадағы Ресей үйінің өкілдері, «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының өкілдері және «Гала ГлобалГрупп» ЖШС директоры, аудиодескриптор Анна Лоенко қатысты.
Семинарды Россотрудничестваның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің жалпы білім беруді қолдау бөлімінің басшысы, ақын әрі өкілдіктің подкаст жүргізушісі Анастасия Анатольевна Степанова жүргізді.
Семинар барысында көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру, олардың қоғамға бейімделуі мен әлеуметтік өмірге белсенді араласуына жағдай жасау, сондай-ақ аудиодескрипторлық қызметті ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Мұндай кәсіби кездесулер тәжірибе алмасуға, тифлотүсініктеме саласындағы білімді жетілдіруге және көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін ақпараттық әрі мәдени кеңістіктің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


