
27 тамызда кітапхана қызметкерлері Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай саябақта «Семей сынағы: жаралы жер, үнсіз халық» атты мемориалдық акция өткізді. Кітапханашылар саябаққа келген тұрғындармен әңгімелесіп, полигон тарихы, ядролық сынақтардың зардаптары және оның жабылуының тарихи маңызы туралы ақпарат берді.
Акция – өткенді ұмытпай, тарихи жадымызды сақтауға және бейбітшіліктің қадірін түсінуге үндейтін тағылымды шара.
Өткенді ұмытпайық — болашақты қорғайық!


