
9 қазан күні көру қабілеті бұзылған №1 арнайы мектеп-интернатында Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына арналған «Поэзия мен тағдыр» атты дауыстап оқу шарасы ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты — оқушылардың ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілігін ояту және оның шабытты жырлары арқылы патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар ақынның жүрекке жетерлік өршіл жырларын мәнерлеп дауыстап оқып, оның тағдыры мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар «Тұлғаны таны», «Бір сөзбен айт» ойындары өткізіліп, балалар Брайль қарпімен өлеңдер оқыды және «Қасымның шығармашылық әлемі» викторинасына қатысты. Іс-шара соңында «Қасымның жыры — жүректің нұры» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


