
6 қараша күні арнайы кітапханада №51 мектептің 6-сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Поэзия – жанның тынысы» атты поэзия сағаты өтті. Іс-шара қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері — Күләш Ахметова, Марфуға Айтқожина және Мәриям Хакімжанқызының мерейтойлық даталарына арналды.
Кездесу барысында кітапханашы қатысушыларды ақындардың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, олардың қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі мен әдеби мұрасының маңызы туралы әңгімеледі. Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп оқуы шараға ерекше атмосфера сыйлады. Поэзия жолдары арқылы қатысушылар туған жерге, өз халқына және анаға деген терең сүйіспеншілік сезімдеріне бөленді. Әдеби кеш барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй, шабыт және поэзия әлемімен ұмытылмас әсер сыйлады.


