
22 қазан күні Қазақстан Республикасы күніне орай «Алмагүл» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Менің елім – менің болашағым» атты әдеби-сазды композиция өтті. Іс-шара өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Жас өнерпаздар өлеңдерімен, әндерімен және шығармашылық өнерлерімен көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Іс-шара патриотизмнің, бірліктің және өз еліңді мақтан тұтудың маңыздылығын дәріптеуге тамаша мүмкіндік болды. Отанымыз гүлденіп, Қазақстанның болашағы жарқын әрі бейбіт болсын!


