
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Білім күніне орай кітапханамыздың жас оқырмандарына ізгілік шарасын ұйымдастырды. Мешіттің наиб имамы Дархан Болатұлы қайырымдылық шеңберінде оқушыларға ақ батасын беріп, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелерді табыс етті. Оқырмандар осындай игі шара ұйымдастырған Төлеутай ата мешітіне ризашылығын жеткізіп, берекелі бастамаларына сәттілік тіледі.


