Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай кітапханада мектептің жанындағы лагерь тәрбиеленушілеріне арналған «Күндей күлімде, балақай» атты ойын-сауық бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы балаларды мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бағдарлама қызықты ойындар мен танымдық тапсырмаларға толы болды. Балалар «Сиқырлы ертегілер рулеткасы» викторинасына қатысып, «Ертегілер ізімен» атты жұмбақтар ойынында сандықшадағы сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар, «Кім жылдам?» пазл ойыны, «Допты беру» және «Көңілді кегли» эстафеталық ойыны ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама шаттыққа, күлкіге және жарқын көңіл күйге толы өтті.