

28 қаңтар күні №32 мектептің 8-сынып оқушыларына және арнайыкітапхананың оқырмандарына арналған «Күймен өрілген өмір» атты музыкалық кеш өтті. Шара халықтың ұлы композиторлары — Дина Нұрпейісованың 165 жылдығы мен Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылық мұрасына арналды. Мерекелік шара барысында мектеп оқушылары даңқты күйшілердің өмірі мен соңына қалдырған асыл мұрасымен танысты. Кеште «Молодежный» МҮ әртісі Мейірман Рая Жақсылықова мен шәкірті Тұрғанбай Аяжан «Адай» және «Балбырауын» күйлерін орындады. Сонымен қатар, зағип және нашар көретін мәдениет үйінің өнерпаздары Константин Калмыков пен Имина Высочинская «Сәулемай» және «Гакку» әндерін жүректен шыға тебірене орындады. Ал №32 мектеп оқушылары Анваров Ерасыл мен Әлиева Аруна «Нәрағашы», «Көңіл толқыны» күйлерін орындап, өлең шумақтарын оқыды. Арнайыкітапхананың тұрақты оқырманы Қайрат Абайдуллин «Күйдің мәңгілік шамшырақтары» және «Домбыра» өлеңдерін ерекше шабытпен мәнерлеп оқып берді. Кеш бағдарламасын «Ұстаз бен шәкірт — күймен сөйлеген ұлы дала» атты поэтикалық-музыкалық композиция мен «Күй мен домбыра әлемі» атты танымдық викторина толықтырды. Шара соңында «Күй – құдіреті» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


