
«Алмагүл» бөбекжайында «Балауса» клубы аясында бүлдіршіндермен, табиғатты сүюге баулу мақсатында «Күз сыйлары» атты танымдық әрі қызықты шеберлік сағаты өтті. Алтын күздің әсем бояуларына оранған бұл күн балалардың көңіл-күйіне ерекше шуак сыйлады. Іс-шара барысында балалар табиғаттың сыйы — түрлі-түсті күзгі жапырақтарды қағаз бетіне қиялдай отырып жабыстырып, таңғажайып аппликациялар жасады. Шеберлік сағаты қуаныш пен шаттыққа, жарқын эмоцияларға толы болды. Бүлдіршіндердің еңбегінен туған әрбір жұмыс — баланың жүрек жылуы мен таза қиялының көрінісі!


