
10 қыркүйекте №4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары үшін V жалпы Республикалық «KitapTime-2026» кітап фестивалі аясында «Кітап – рухани қазына» атты блиц-интеллектуалдық бағдарлау іс-шарасы өтті. Оқушылар қызықты әрі мазмұнды интерактивті бағдарламаға қатысып, сұрақтарға жауап берді, зияткерлік тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынады. Әсіресе, сүйікті авторлар, шығармалар мен әдеби кейіпкерлер туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік берген «Әдеби калейдоскоп» викторинасы үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар оқушылар «Кітап – үнсіз мұғалім» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты. Кітап адамға білім береді, ой-өрісін кеңейтеді, ойлануға шабыттандырады және қоршаған әлемге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді!


