
«Алмагүл» бөбекжайында «Балауса» клубы аясында бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін арттыру және кітап әлеміне деген қызығушылығын ояту мақсатында «Кітап — келешек кілті» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Кітапханашы балаларды «Айгөлек» және «Балбұлақ» топтарына бөліп, әсем де түрлі-түсті ертегі кітаптарымен таныстырды. Бүлдіршіндер өз қолдарымен түрлі-түсті қарындаштарды қолданып, алғашқы мини-кітапшаларын жасап шықты. Іс-шара соңында екі топтың капитандарын ортаға шақырып, белсенділік танытқандары үшін «Үздік капитан», «Батыл капитан» деген жазуы бар медальдар табысталды. Мұндай шаралар кішкентай бүлдіршіндеріміздің қиялын ұштап, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосады.
Болашақ саналы ұрпақтың қолында!


