
3 қараша күні №1 арнайы мектеп-интернатында қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты әдеби-танымдық оpen mic іс-шарасы өтті. Шара барысында оқушылар «анаграмма» шешіп, өлеңдер оқыды, «Иә – Жоқ» ойынын ойнап, «Мақалды ұйқаспен аяқта» сайысына қатысты. Сондай-ақ «Жаман жолдас» әңгімесімен танысып, «Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына саяхат» викторинасында өз білімдерін сынады. Кездесудің ерекше сәті – оқушылардың Брайль қарпімен мәтін оқуы болды. Жылы атмосферада өткен шара балаларға ұлы ұстаздың мұрасын тереңірек түсініп, білім мен кітап оқудың маңызын ұғынуға мүмкіндік берді. Шара соңында «Ұлы ұстаз – Ыбырай Алтынсарин» кітап көрмесіне шолу жасалды.


