
14 қыркүйекте кітапханашылар үшін «Искусственный интеллект и доступные технологии для незрячих и слабовидящих» атты әдістемелік сағат өтті.
Іс-шараны тифлопедагог-оңалтушы Владимир Александрович Высочинский өткізіп, қызметкерлерді көру қабілеті бұзылған адамдарға ақпарат алу, білім алу, жұмыс істеу мен күнделікті өмірде барынша дербес болуға көмектесетін жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың заманауи мүмкіндіктерімен таныстырды. ЖИ мәтінді тану-дыбыстау, суреттерді сипаттау, құжаттармен және әртүрлі ақпаратпен жұмыс істеу барысында тәжірибе жүзінде қолдануға ерекше назар аударылды.
Арнайы кітапхана жұмыс барысында заманауи технологияларды тиімді пайдалана, ақпарат қолжетімділігін, оқырмандардың дамуы мен цифрлық дербестігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи қолжетімді технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда.


