
16 қыркүйек күні «Оптимист» қызығушылық клубы мүшелерімен «Инновации для всех» атты кездесу өтті. Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін әлемді қолжетімді ететін жаңа цифрлық шешімдерге арналған іс-шараны Владимир Александрович Высочинский жүргізіп, қатысушыларды көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ақпаратты сенімді пайдалануға көмектесетін заманауи цифрлық технологиялармен таныстырды.
Оқырмандар смартфон, компьютердегі, жасанды интеллект негізіндегі мәтін мен суреттерді, айналадағы заттарды тану мүмкіндігін ұсынатын қолжетімді қосымшалар мен сервистерді талқылады.
Цифрлық технологияларды күнделікті тұрмыста пайдалану бойынша тәжірибе алмасу мен жаңа технологиялар мүмкіндіктеріне арналған шараның өзара қарым-қатынас пен қоғам өміріне толыққанды қатысуда алатын орны зор.


