
30 қазанда арнайы кітапхана кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу мақсатында Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған «Заманауи кітапхана: даму тенденциялары» атты республикалық семинарға қатысты. Семинар барысында кітапхана қызметкері Б.Омарова «Арнайы кітапхана – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған микросоциум» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде кітапханашы тәжірибесімен және практикалық жұмыстарымен бөлісіп, арнайы кітапхананың маңызды әлеуметтік кеңістік ретіндегі рөлін ашып көрсетті. Семинар жұмысы аясында арнайы кітапханаларды дамытудың заманауи үрдістеріне, қолжетімді орта қалыптастыруға және инклюзивті қызмет көрсетуді жетілдіруге ерекше назар аударылды. Осындай кәсіби кездесулер жаңа тәсілдермен танысуға және кітапханалық қызмет көрсетуді одан әрі дамытуға бағытталған тиімді шешімдер табуға мүмкіндік береді.


