
20 қазан күні кітапханамызда рухани келісім күніне арналған «Жүректі жақындататын сөздер» атты оқырман марафоны өткізілді. Іс-шараға «Теміртау қ. конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерделеу және талдау орталығы» КММ мекемесінің маманы, дінтанушы Рожнева Дарья Георгиевна шақырылды. Ол қатысушыларға деструктивті діни ағымдардан сақтандыру, дәстүрлі діңдердің ізгілікке шақыратынын түсіндірді. Іс-шара мақсаты оқырмандар арасында конфессияаралық татулықты, төзімділікті, бірлік пен келісімді насихаттау. Оқырмандар сұрақтарын қойып, өз тілектерін білдірді.


