
27 қазанда кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Журналдар әлемі» атты ақпараттық нон-стоп ұйымдастырылды. Қатысушылар мерзімді басылымдардың түрлерімен, тақырыптық бағыттарымен және мазмұнымен танысып, журнал материалдарын кітапхана жұмысында пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Мерзімді басылымдар кітапханашыларға заманауи үрдістерден хабардар болуға, жаңа әдістемелер мен әріптестердің кәсіби тәжірибесін зерделеуге, тақырыптық көрмелер, танымдық іс-шаралар мен ақпараттық шолулар дайындауға қажетті өзекті материалдарды табуға көмектеседі. Сонымен қатар, олар оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жетілдіруге және кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге тың идеялар береді. Іс-шара мерзімді басылымдардың кәсіби білімді толықтырудағы, тәжірибелік идеялармен бөлісудегі және оқырмандармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгерудегі маңызын көрсетті.


