
5 қазан күні №2 мектеп-интернатында Орталық Азияның көрнекті мемлекет қайраткері әрі қолбасшысы Әмір Темірдің 690 жылдығына арналған «Жеке тұлға және тарих» атты тарихи сағат өтті. Оқушыларға қолбасшының өмір жолы мен оның тарихи маңызы туралы ақпарат берілді, содан кейін олар «Темір жаулап алушы: Әмір Темір» атты деректі фильмді тамашалады. Алған білімдерін бекітуге «Әмір Темір: заман, тұлға, мұра» атты қызықты викторина өткізілді. Шара соңында «Әмір Темір дәуірі мен мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


