Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

13 наурыз күні көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатта, Наурызнама онкүндігі аясында, «Қайырымдылық» күніне орай «Жақсылық – жан шуағы» атты зағип балалардың шығармашылық фестивалі өтті. Тәрбиеленушілер өз шығармашылық жұмыстарын ұсынып, сол арқылы әлемді қалай қабылдайтынын көрсетті. Шара барысында «Даусынан таны», «Комплименттер жаңбыры», «Жақсылық қорабы» және «Сиқырлы торсық» атты ойындар ойнатылды.  Наурыз дәстүрлері туралы викторина мен ойындар балаларға  түйсік және тактильдік қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Балалар «Жақсылық шеңбері» атты жүрекшені бір-біріне беріп, шынайы тілектерін айтты. Іс-шара соңында қайырымдылық акциясы аясында Төлеутай ата мешітінің атынан мектеп-интернаттың әр тәрбиеленушісіне шығармашылыққа арналған пластилин жиынтықтары табыс етілді.