
5 қазанда біздің арнайы кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Жас дәурен» өлеңдер жинағын мәнерлеп оқу бойынша іс-шара өтті. 1967 жылы жарық көрген «Жас дәурен» атты алғашқы өлеңдер жинағы жазушының әдебиетке алғашқы қадамын көрсетеді. Бұл іс-шараға біздің оқырмандарымыз белсенді қатысты: Наталья Лопатина, Сағындықова Сандуғаш, Карпекова Зайра, Константин Калмыков, Ыбышев Қанат, Айнаш Тәйтөлеуқызы, Абайдуллин Қайрат, Сағыныш Сағынай және Вера Павловна. Бұл жинақ жазушының прозалық шығармаларымен қатар, жастық жігерге және таза сезімдерге толы поэтикалық қырымен таныстырады. Оқырмандар өлеңдер жас автордың романтикасына, таза сезімдерге және алғашқы философиялық толғаныстарға толы екенін атап өтті. Дала кеңістігінің сұлулығын және қазақ халқының рухын жырлайтын нәзік лирика мен ерекше қолтаңба оқырмандарымызды шабыттандырды.


