Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

Наурыз мерекесі қарсаңында «Алмагүл» бөбекжайында ұйымдастырылған «Жасыл сән, жарқын болашақ» байқауы өтті. 

Мектепке дейінгі балалардың бойында ұлттық бірегейлік негіздерін қалыптастыру мен мәдени мұра мен қоршаған ортаны қорғау, ұлттық киім ерекшеліктері арқылы тарих пен салт-дәстүрге деген қызығушылықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 24 бала мен ата-аналары қатысты.

Шығармашылық байқауға балабақша директоры Досмаганбетова Айнаш Ахметбековна, №25 ЖББМ тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Алдиярова Шолпан Қуантайқызы, арнайы кітапхана библиографы Азнина Кымбаткуль Аукеновнадан тұратын әділқазылар алқасы төрелік етті.

Байқау қатысушылары ұлттық және дизайнерлік (экокостюм) үлгідегі киімдерін ұсынып, 1,2,3 орын мен «Жас дизайнер», «Эко батыры», «Дәстүрге адалдық», «Көркем бейне», «Отбасылық шығармашылық», «Көздің жауын алар бейне» номинациялары бойынша бақтарын сынады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланып, жүлделі 1-орынды «Тілашар» тобы, 2-орынды «Сұңқар» тобы, 3-орынды «Ертөстік» пен «Балапан» топтары иеленіп, Диплом және сыйлықтармен марапатталды.