

11 ақпанда №1 арнайы мектеп-интернатының оқушыларымен көру қабілеті бұзылған жандарға өмірін арнаған қоғам қайраткері, ағартушы, тифлопедагог, Брайль кітабының алғашқы баспагері Анна Адлердің туғанына 170 жыл толуына арналған «Жанға көру сыйлаған әйел» атты тақырыптық сағат өтті. Оқушылар тифлопедагогтың өмір жолымен танысып, есту сақтау қабілеттерін жетілдіру мен тактильді сезімталдықты дамытуға арналған тапсырмаларды орындап, қызықты жұмбақтарды шешті.
Теңдік, қайырымдылық және өзара құрмет идеяларының маңыздылығын кеңінен насихаттаған іс-шара Анна Адлердің өмір жолы арқылы адамзатқа шынайы қызмет етудің мыңдаған адамның тағдырын өзгерте алатын жарқын үлгі екенін айқын көрсетті.


